Молдахметов Зейнолла Молдахметұлы

МОЛДАХМЕТОВ Зейнолла Молдахметұлы (3.8.1933, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Жамбыл ауд. Октябрь а.) — ғалым, химия ғыл. докт. (1972), проф. (1974), ҚР ҰҒА-ның акад. Қа-зақ политех. ин-тын (1956), КСРО ҒА-ның Мәскеу жеңіл хим. технологиялар ин-тының аспирантурасын (1962) бітірген. 1956—59 ж. орта мектеп мұғалімі, 1963 – 65 ж. ҚазМУ-да оқытушы, 1965—74 ж. Қазақ КСР ҒА Химия-металлургия ин-тында лаборатория меңгерушісі, 1974—75 ж. Қарағанды мемл. ун-тінің проректоры. 1975—80 ж. Қазақ химия-технология ин-тының ректоры (Шымкент қ.), 1980 жылдан Қарағанды мемл. ун-тінің ректоры. Негізгі ғыл. еңбекгері конденсацияланған жүйенің тербелмелі спектроскопия тәсілі арқылы физ.-хим. Қасиеттерін, ядролық магнитті тербеліс, молекулярлы люминесценция мәселелерін зерттеуге арналған. 6 авторлық куәлігі бар. “Құрмет Белгісі” орденімен, медалдермен марапатталған.

Шығ.: Структура производных окиси этилена. А.-А., 1973 (со-авт.); Спектроскопия комбинацинного рассеяния. А.-А., 1981; Оптические и магнитные свойства триплетного состояния. А.-А., 1983 (соавт.).