МОЛДАХМЕТОВ Марат Зейноллаұлы (10.11.1957. Солт. Қазақстан обл. бұрынғы Булаев ауд. Чистов с.) — ғалым, химия ғыл. докт. (2003). Шымкент қ-ндағы Қазақ химия-технология ин-тын (1979), Менделеев атынд. Мәскеу химия-технология ин-тының аспирантурасын (1985) бітірген. Қарағанды қ-ндағы ҚР ҒА-ның Органик. синтез және көмір химиясы іш-тында кіші, аға ғыл. қызметкер (1986-90), лаборатория меңгерушісі (1990-93 ). Измир қ-ндағы (Түркия), Кальяри қ-ндағы ун-ттің (Италия) докторанты (1993—96). Алматы қ-ндағы Экон.-техн. лицей-колледжин-ттың директоры (1996-99), Ресей — Қазақстан гуманит. ун-тінің Астанадағы филиалының проректоры (1999-2003), Петропавл бизнес және басқару ин-тының ректоры (2003). Ғыл. еңбектерінің негізгі бағыты электрохимия, органик. қосылыстардың электр катализі мәселелеріне арналған. 40-тан аса ғыл. еңбектің, оның ішінде 3 монографияның авторы. КСРО мен ҚР-ның бірнеше авторлық куәліктері бар.