МИХАИЛОВ Михаил Тихонович (22.10.1933. қазіргі Айыртау ауд. Имантау с.) — ғалым, тарих ғыл. канд. (1974). доцент. Петропавл оқу-консультативтік пунктінің меңгерушісі, Орал (Свердловск) политех. ин-тының Петропавл жалпытех. ф-тінің бірінші деканы. Солт. Қазақстанда жоғары тех. білім ұйымдастырушылардың бірі. Тікелей М-тың қатысуымен Петропавлда Уральск жоғары оқу орнының бөлімшесі ашылды. 100-ден астам ғыл. еңбектің, «Рожденный в огненные годы», «Петропавловский кожевенный», “История становления и развития высшего образования в Северном Казахстане”, т.б. кітаптардың авторы. Бірнеше медалмен марапатталған.