«Мерейгер кітаптар» бейнежобасы. Мағжан Жұмабаевтың «Жүсіп хан» поэмасына 100 жыл.

Мағжан – эпикалық жанрда да қарымды еңбек еткен ақын. Оның «Қорқыт», «Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян», «Жүсіп хан» тәрізді бірнеше поэмалары бар. Бұлардың тақырыптары мен көркемдік деңгейлері әркелкі болғанымен қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дүниелер (видеобейнеге сілтеме).
Биыл «Жүсіп хан» поэма-ертегісінің жазылғанына 100 жыл. М.Жұмабаев ертегісінің идеялық мақсаты – Иран еліндегі сияқты ертегі шартымен тақтан түсіп қалған хан атаулы қайтып оралса, ел тұрмысында еш жаңалық болмайтынын айтқысы келген. Әшейінгі ертегідей мұнда игілік күштердің жеңуімен, мұратқа жетуімен аяқталмайды. Туындыны кеңес әдебиетінде бұйрықшыл-бюрократтық жүйені социализм етіп көрсеткісі келгендерді әшкерелеген алғашқы туындылардың бірі деп бағалаған абзал.