«Мерейгер кітаптар 2022» Махамбет Өтемісұлының және Ғафу Қайырбековтың шығармалары

«Мерейгер кітаптар» айдарында Махамбет Өтемісұлының шығармаларының жинағына (65 жыл) және Ғафу Қайырбековтың «Балықшы Иван» (65 жыл), «Родные травы» өлеңдер жинағына (55 жыл) шығармаларына қысқаша шолу ұсынамыз.
Махамбет жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға шақырды. «Мұнар күн» жырында ел басына түскен ауыртпалықты ашына айтты. «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер» жырларында ақын алдағы күндеріне үмітпен, зор сеніммен қарады. «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақтың баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі — сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б. шығармаларында ұлт-азаттық қозғалыс рухы, ел тағдыры мен арман-мүддесі терең әрі шынайы суреттелген.
Ақын Ғафу Қайырбековтың өлеңдерңің негізгі тақырыптарының бірі – табиғат. Өлеңдерінің табиғат көріністерінің тек ақындар сезініп, ақындар ғана айта алатын сирек те, зерек те, көркем жолдар бар. Республиканың солтүстік жазығындағы ақ қайындар өлкесіне, Есілге арнаған өлеңі дәлел
Ғафу Қайырбеков өлеңдерінің «Родные травы» үлкен топтамасында қаңырап бос жатқан далаға өмір әкелген атақты Қарасу өзені, шексіз ақкөңіл кең байтақ жер, асқақ алатау туралы баяндайды. Осы жинағына «Қызылжар» атты өлеңі де енгізілген.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #МерейгерКітаптар2022