«Мерейгер кітаптар 2022» Ғ.Мұстафин «Қарағанды» және А.Толстой «Азапты сапарда» шығармалары

«Мерейгер кітаптар» айдарында Ғабиден Мұстафиннің «Қарағанды» (70 жыл) және Алексей Толстойдың «Азапты сапарда» (қазақша аудармасына — 70 жыл) шығармаларына қысқаша шолу ұсынамыз.
«Қарағанды» романы – Ғ.Мұстафиннің ең көлемді, әрі күрделі шығармасы. Жазушының ұзақ уақыт бойғы еңбегінің, шығармашылық ізденулерінің жемісі ретінде туған бұл роман 1952 жылы жеке кітап болып басылып шықты. «Қарағанды» орыс тіліне және сол арқылы басқа да көптеген халықтардың тілдеріне аударылды. «Қарағанды» романы оның авторының өзіне бұрыннан да таныс тақырыпқа, яғни социалистік Қарағандының жасалып, өркендеуі және ондағы жұмысшы табының қалыптасып дамуы тақырыбына арналған.
А. Н. Толстойдың «Азапты сапарда» — бұл бізге, ХХІ ғасырдың адамдарына, тым көп айта алатын, бірақ 1914-1919 жылдар дәуірі туралы эпикалық роман емес. Бүгінгі таңда «Азапты сапарда» — бұл ХХ ғасырдың 1930-40 жылдары отандық әдебиеттің қандай жолдармен дамығаны туралы түсінік беретін құнды тарихи дерек көзі.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #МерейгерКітаптар2022