МАСҒҰТОВ Совет (1939. Көкшетау обл. Уәлиханов ауд. Чапаев атынд. с. — 1978, Алматы қ.) — жуналист, аудармашы, Қазақстан тележурналистикасының негізін қалаушылардың бірі. ҚазМУ-ді (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ мемл. ұлтгық ун-ті) бітірген (1961). Еңбек жолын телехабарда ақпараттық бағдарламаның тілшісі болып бастаған. Қазақ телехабарының алғашқы дикторларының бірі, соның ішінде КСРО ең үздік коментаторларының құрамына енген. 1967 ж. орталық “Час нашей родины” бағдарламасында Қазақстан жөнінде репортажбен шығып тұрды. 1969 ж. “Звездной эстафета новостей” байқауына қатысқан. 1967—71 ж. ортатық телехабардың “Праздник урожая” бағдарламасына қатысады. Қазақ телехабары үшін мамандар даярлауға атсалысты. Оның “Введение в телевизионную жуналистику” және “Көгілдір экран — өмір айнасы” еңбектері болашақ тележурнатисттерге таптырмайтын оқу-әдістемелік құрал мен оқулық болып есептеледі. Әдеб.: Қазақстан журналистерінің анықтамасы. А., 2002.
М. Рысқұлов