МАРАЛ ИШАН Құрманұлы (1769, СҚО Жамбыл ауд. Нұрымбет а. — 1841. Қызылорда обл. Қармақшы ауд.) — имам, батыр. Кенесары Қасымұлының нағашысы. Бат. Сібірде бас имам болып қызмет еткен. Патша отаршыларының езгісіне шыдамаған М.и. 1807 ж. халықты қарулы көтеріліске бастайды. Кенесары ханның ұлтазаттық көтершісін жақтаған. Көтеріліс жеңілгеннен кейін Қызылорда обл. Қармақшы ауд-на көшіп кетеді. Ол болашақты болжайтын көріпкел болған. М. и-ның ұрпағы Қызылорда обл-нда тұрады.
С. Жұмабаев