Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы

Бүгін С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті. Сайысқа облысымыздың барлық аудандары мен Петропавл қаласынан Мағжанның өлеңдерін сүйіп, әсем әндерін нақышына келтіріп оқитын, өздері де қалам ұстап өлең жазып жүрген, «үкілі үміт, жас қауырсын» ақындар қатысты. Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде сайыскерлер Мағжан Жұмабаевтың жалынды жырларын оқып берсе, екінші кезеңде Мағжанға арналған өз өлеңдерін оқып берді.