МАҒАЗОВ Қилаж Мағазұлы (22.2.1925, Со.тг. Қазақстан обл. Мамлют ауд. Бостандық а.) — қоғам қайраткері, өндіріс ұйымдастырушысы, журналист. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Жетіжылдық мектепті бітірген соң 1943 ж. майданға аттанған. 4-Украин майданының Жекелеген Примор Армиясы құрамында ұрыстарға қатысқан. Берлин және Подсдам конференцияларына қатысушы мемл. басшыларының қаупсіздігін қамтамасыз етуге қатысқаны үшін Жоғ. Бас қолбасшының Алғыс грамотасымен марапатталған. М. бейбіт уақытта облыстың әр түрлі әле-ум. және эконом. салаларында жұмыс істеген. Он жыл бойы Возвышен ауд. атқару к-тінің төрағасы, 8 жыл облыстың авто-моб. жолы қызметін басқарды, обл. соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі төрағасының орынбасары болды. Газет беттерінде әлеуметтік-саяси тақырыптағы мәселелерді көтерді. ҰОС-ның жеңісіне 50-жыл толуына арналған “Тернистый путь к победе” кітабының бас редакторы. Жаппай саяси репрессия туралы архив материалдарынан алынып жазылған “Трагедия и прозрение” кітабын басып шығаруға қатысқан. “Құрмет Белгісі”, Қазан революциясы, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, “Әскери ерлігі үшін”, “Германияны жеңгені үшін”, т.б. медалдермен, үш мәрте Қазақ КСР Жоғ. Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.