Мұстафин Қанафия

МҰСТАФИН Қанафия (1906, Петропавл уезі Тонкерей болысы ғ4 ауыл, қазіргі Солт. Қазақстан обл. Тимирязев ауд. Ынтымақ а. – 16.4.1973. Алматы қ.) — қоғам қайраткері. журналист, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Алматы қ-ндағы Қазақ журналистика коммунистік ин-тын. Қазақ марксизм-ленинизм ин-тын (аудармашылар бөлімін), Мәскеу қ-ндағы ВКП(б) ОК жанынадағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1931 ж. партия к-тінің хатшысы, Семенов шөп шабатын машина ст. директорының орынбасары, ауд. атқару к-ті ұйымдастыру бөлімінң меңгерушісі, Ақмола ауд. “Ақмола екпіндісі” газетінің жауапты хатшысы;1937-38 ж. Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесі жанындағы радиокомитеттің әдеби бөлімінің меңгерушісі; 1938-40 ж. Ақтөбе обл. “Социалистік жол” газетінің партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі, Ақтөбе обл. партия к-тінің лекторы; 1940-41 ж. Ақтөбе обл. Жұрын ауд. партия к-тінің 1-хатшысы; 1941-43 ж. Ақтөбе обл. партия к-тінің қадрлар жөніндегі хатшысы; 1945-50 ж. Ақтөбе обл. партия к-тінің үгітнасихат жөніндегі хатшысы; 1950-51 ж. Қазақ КСР Халық комиссарлар кеңесі жанындағы Қазақ радиохабарларын тарату к-ті төрағасынің 1-орынбасары: 1951-53 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемелерінің жұмыстары жөніндегі к-ттің төрағасы; 1953-56 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары; 1956-60 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесі жанындағы Радиохабарлар тарату және теледидар к-тінің төрағасы; 1960-64 ж. Қазақ КСР Мәдениет мин-ндегі басқарма бастығы; 1964-70 ж. Қазақ КСР Министрлер кеңесі Баспа ісі жөніндегі мемл. к-т төрағасынің орынбасары қызметтерін атқарған. 1959 жылдан КСРО Журналистер одағының мүшесі. 2-дәрежелі Отан соғысы, “Құрмет Белгісі” ордендерімен. “Ерен еңбегі үшін”, “1941-45 ж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерен еңбегі үшін”, “Тың жерлерді игеруге қатысқаны үшін”, т.б. медалдермен, “БХШЖК қатысушысы” үлкен күміс медалімен, Қазақ КСР Жоғ. Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығ.: Қыр жігіті (повесть); Қазақтың көркем әдебиет баспасы, А., 1964; 1969; Ақ тарының атасы А., 1967; Қыз шоғы. А., 1983.

Қ. Мұқанов