Мәліков Сабыр

МӘЛІКОВ Сабыр (1906, СҚО қазіргі Уәлиханов ауд. Сиыршы а. — 4.12.1969, сонда) — оқытушы. Қазақстаннын еңбек сіңірген мұғалімі. Петропавл мұғалімдер ин-тын (1937). Абай атынд. Қазақ ұлттық пед. ун-тін бітірген. 17 жасынан Қызылту ауд-нда алғаш ашылған “Бостан” бастауыш мектебінде мұғалім болды. М. Қырықұйсай, Қондыбай а-дарында бастауыш мектептердің ашылуына белсене аратасты. Қызылту орта мектебінде 40 жылдан астам мұға-лім, кейіннен директор болып еңбек еткен. М. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет Белгісі” ордендерімен және медалдермен марапатталған. Аудан орт. Қызылтуда (қазіргі Кішкенекөл) бір көше М-тің атымен аталған.