«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты ақпараттық сағат

Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Петропавл гуманитарлық техникалық колледжіне Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты ақпараттық сағатымен барды.
Заманымыздың кемеңгер жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің ХХ ғасырдағы биік шыңы – ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан-ғайыр мұрасын жастарға насихаттау, әр түрлі іс-шаралар арқылы кітап оқуға қызығушылық арттыру – басты мақсатымыз. М. Әуезовтің көркем мұрасы біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы – бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Оның Абай туралы эпопеясы мен асқан шеберлікпен жазылған шағын әңгімелері, повестері қазақ әдебиетінің алтын қорына мәңгілік енді.
Облыстық кітапханамыздың қорында М.Әуезовтің өмірі мен қызметі туралы материалдар, оның шығармалары, ғылыми еңбектері, мақалалары және жазушыға арналған әдебиеттермен танысуға шақырамыз. Оқу ордасының студенттеріне өткізілген танымдық сағаты өз пайдасын қалдырады деген сенімдеміз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги