Мұхамедрахимов Мұхамед-Тауфых Галейұлы

МҰХАМЕДРАХИМОВ Мұхамед-Тауфых Галейұлы (1927, Петропавл қ. — 1989, Алматы қ.) — саяси және қоғам қайраткері. Ленинград (Санкт-Петербург) қ-ндағы байланыс электртех. ин-тын (1949), Урал (Свердловск) политех. ин-тын (1966) бітірген. 1959 ж. Солт. Қазақстан обл. партия к-тінде нұсқаушы; 1952—62 ж. Петропавл қ-лық партия к-тінің 2- хатшысы; 1962-69 ж. Петропавл қ-лық атқару к-тінің төрағасы; 1966-73 ж. өндірістік-көлік бөлімінің меңгерушісі; Солт. Қазақстан обл. партия к-тінің хатшысы болды. Сонғы жылдары Алматы қ-нда мемл. қызметте болған.