МҰҚАНОВ Марат Сәбитұлы (14.11.1929. Петропавл қ. — 18.5.1998. Алматы қ.) — этнограф, тарих ғыл. докт. (1989). Жазушы Сәбит Мұқановтың баласы. Қазақ мемл. ун-тін (қазіргі әл-Фараби атынд. Қазақ ұлттық ун-ті) бітірген (1954). 1954—55 ж. Өскемен қ-нда тарихи-өлкетану мұражайында жұмыс істеген. 1956 жылдан этнография саласында зерттеу жұмыстарымен айналыса бастаған. 1956—87 ж. Қазақстан ҒА-ның М. ұйымдастырған этнол. 6 экспедициясы Қазақстанның 9 обл-нда болып, онда қазақтын этногенезі мен этнографиясы және халықтың мәдени қарым-қатынастарының тарихы жөніндегі еңбектеріне мол материалдар жинады. М-тың 40 ғыл. еңбегі, оның ішінде 6 монографиясы жарық көрген. “Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза” (1974). “Қазақ жерінің тарихы” (1994). “Из исторического прошлого” (1998). т.б. кітаптардың авторы. М. Қазақстанның тарихи-этнология ғылымына зор үлесін қосты.