МҰҚАНОВ Мәлік Жақыпұлы (14.11.1943, Петропавл қ. — 2003) — ақын, прозаик. Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. Еңбек жолын Есіл ауд. Жекекөл а-нда мектеп мұғалімі болып бастаған. 1972 ж. “Леніш туы” (қазіргі “Солтүстік Қазақстан” газетінің хат бөлімінің меңгерушісі, тілшісі; 1991—96 ж. “Халық кеңесі” газетінің меншікті тілшісі; 2000 жылдан өмірінің соңына дейін “Егемен Қазақстан” газетінің Солт. Қазақстан обл-ндағы меншікті тілшісі қызметін атқарған, обл. маслихатқа депутат болып сайланған. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерекелік медалімен марапатталған. Кәкімжан Қазыбаев атынд. сыйлықтың лауреаты. “Жаннат пен көкесі”, “Қоңыр бұзау”, “Үш тал гүл”, т.б. әңгімелердің авторы, “Алуа”, “Тілек”, “Сенемін”, “Қарт сыры”, “Жалғызын күткен қария”, т.б. өлендері жарияланған.