Құлжанов Бауыржан Ниязұлы

ҚҰЛЖАНОВ Бауыржан Ниязұлы (1953. Солт. Қазақстан обл, Совет ауд. Ленин а.) — қазақша күрестен спорт шебері, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. ҚР Кеден қызметінің алғашқы полковнигі. Омбы дене тәрбиесі ин-тын. Петропавл пед. ин-тын. Ресей кеден академиясын бітірген. 1974 ж. Қазақстан чемпионы, “Қажымұқан” жүлдесінің иегері. 10 жыл бойы еркін күрес, самбо, қазақша күрестен облыстың құрама командасының құрамында болды. 1992 ж. қайтадан жасақталған Солт. Қазақстан обл. кеден қызметінің бастығы болып сайланды. 2002 ж. Жамбыл обл. бойынша кеден басқармасының бастығы қызметіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта Солт. Қазақстан обл. бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының кеңесшісі. 2003 ж. К-тың 50-жасқа толу құрметіне республиканың спорт к-тінің шешімімен Петропавл қ-нда қазақша күрестен Қазақстан кубогі өткізілді.