Айта кетейік, энциклопедияның алғашқы жинағы 2017 жылы жарық көрді. Онда Алматы және Ақмола облыстары, Алматы және Астана қалаларының киелі нысандары көрсетілген болса, екінші томы – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облысының киелі орындарына арналған тарихи-танымдық жинақ болып жарыққа шықты. 3 томына Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Жамбыл облыстарының киелі жерлері, тарихи оқиғалар өткен қасиетті орындары, табиғи ландшафттың ерекше ескерткіштері және ұлттық кұнды мәдени мұралары енгізілді. Осылайша, жинақ кезек-кезегімен шығып, Қазақстанның барлық киелі орындарын қамтиды. Жинақ екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде әзірленген.
Жинақтың 4 томында енген Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының қасиетті орындары мен кешендері, киелі жерлері мен табиғи ландшафт ескерткіштері, ел тұтқасы болған тарихи тұлғалары жайлы сөз болады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс
#ГодДетскойЛитературы #ҰлыДалаМұрасы