«Ұлттың ұлы тұлғасы»

2021 жылдың 18 мамыры күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әлемге әйгілі көрнекті қаламгер, мемлекет және қоғам қайраткері, білгір түркітанушы, лингвист ғалым, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің 85 жасқа толуына арналған «Ұлттың ұлы тұлғасы» атты әдеби кеш өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының және М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері қатысты.
Шараны Сәбит Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ жанындағы Тіл және әдебиет институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Көкбас Жазира «Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы туралы» терең мазмұнды баяндама жасады.
Шара барысында Олжас Сүлейменовтің шығармаларынан үзінділер оқылды. Тіл және әдебиет институтының студенттері — Бердімұрат Қызғалдақ Олжас Сүлейменовтің «Тыныштық» атты өлеңін, Әскер Назым «Жалынның шалқуы» кітабынан «Кептер кітабы» бөлімінен «Аққулардың арасында, қара қу» атты өлеңін мәнерлеп, жатқа оқып берді.
Шараға қатысқандар «Танымал ақын, жазушы» атты кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#ҰлттыңҰлыТұлғасы