«Ұлт жазушысы – Мұхтар Әуезов» Күлайхан Рахмет, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Әр ұлттың ұлы тұлғалары болады. Ағылшындар үшін – Шекспир, француздар үшін – Бальзак, орыстар үшін – Пушкин, қазақтар үшін әрине – Абай. Сол Абайдың ұлылығы мен данагөйлігін ашқан Мұхтар Әуезов те өткен ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы. Абай дегенде – Әуезов, Әуезов дегенде Абай көз алдыңа келіп тұра қалатыны бүкпесіз шындық.
Биыл Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толмақ. Бүгін ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Күлайхан Рахмет тікелей эфирде қазақтың біртуар классик жазушысының шығармашылығы жайында ой толғап, «Абай жолы» эпопеясы, «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек» және т.б. шығармаларына тоқталды. Жазушының қазақ халқын қазаққа ғана емес, әлемге танытуға сіңірген еңбегін атап өтті.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ҰлтЖазушысыМұхтарӘуезов