«Өлмейтұғын артына сөз қалдырған»

2021 жылдың 10 тамыз күні С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бірлесе ұйымдастыруымен ZOOM платформасында Абай күніне арналған «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» тақырыбына онлайн дөңгелек үстел өтті.

Шараны С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың бөлім басшысы Қайыржан Мәлікова жүргізді.

Шарада М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушысы, «Абайтану» орталығының ғылыми қызметкері Жазира Көкбасқызы, СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаментінің бас маманы Касиенова Гүлмира Берікқызы, СҚО бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының аға оқытушысы Оспанова Балғаным Дүйсенқызы сөз сөйледі.

Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының шығармашылық мұраны дамыту бөлімнің басшысы Данияр Маекенов Абайдың орыс жазушысы И.Буниннен аударған «Қорқытпа мені дауылдан» өлеңін оқыды. Шараның соңында жүргізуші барша қатысушыларды Абай күнімен құттықтады. Тыңдаушылар ретінде шараға облыстың аудандық, ауылдық, балалар кітапханалары және мемлекеттік қызметшілер қатысты.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы