Любых Семен Маркович

ЛЮБЫХ Семен Маркович (25.9.1926, Солт. Қазақстан обл. қазіргі Қызылжар ауд. Вознесенка с.) — Қазақ КСР кәсіптік-тех. білім беру ісіне еңбек сіңірген қызметкер (1980). 1944 жылдың қараша айына дейін темір ұстасы, жаныштаушы болып жұмыс істеп, содан кейін Қызыл Армия қатарына алынған. 1945 жылдың наурыз айында Алматы қ-ндағы запастағы полкте әскери қызметте болған, кейін майданға жіберілген. Екі мәрте Қызыл тулы 37-гвардиялық Режидский дивизиясы мен Суворов. Кутузов және Богдан Хмельницкий орденді 2-Белорусь майданы дивизиясының құрамында ұрыстарға қатысқан. Соғыстан кейін 5,5 жыл армияда әскери қызметте болған. Армия қатарынан босағаннан кейін жұмысқа араласып, 44 жьы бойы инспектор, бөлім бастығы, кәсіптік-тех. уч-ще директоры және 22 жыл бойы обл. кәсіптік білім беру басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.