«Әлихан Бөкейханов және «Алаш» мұрасы» атты дөңгелек үстел

Шараның мақсаты – қазақтың белгілі қоғам қайраткері, этнограф, публицист және «Алаш» партиясының көшбасшысы Әлихан Бөкейхановтың өмірі және шығармашылығымен кеңінен таныстыру  арқылы Қазақстанның мәдени, ғылыми мұрасын насихаттау.

Әлихан Бөкейханов — ХХ ғасырдың басындағы алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының көшбасшысы, «Алаш» қозғалысының көсемі, қоғам және мемлекет қайраткері. Ол энциклопедияшы-ғалым, қазақ өлкетану ісінің негізін қалаушы, Қазақстан тарихы, экономикасы, этнографиясы, әдебиеті, шаруашылығы бойынша көптеген зерттеулердің авторы, Дала өлкесінің ең танымал газеті «Қазақ» газетін ұйымдастырушысы.