ӘЛІБАЕВ Игібай (1903. Қазіргі Жамбыл ауд. Айтуар а. — 1978, сонда) — ақын, сазгер. актер. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. Петропавл пед. техникумын (қазіргі пед. колледж) бітірген. 1925 ж. Мәскеу, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қ-ларында өткен Қазақстан өнер шеберлері кониерттеріне қатысқан. 30-жылдары Алматыдағы Қазақ Мемл. драма театрында (қазіргі М. Әуезов атынд. Қазақ мемл. драма театры) актер болып қызмет істеген. Бірнеше рет респ.. обл. айтыстарда жүлделі орындарды жеңіп алған. Оның “Өтегеннін арманы”, “Биші қыз”, “Жұлдызды қыз”, т.б. поэмалары мен өлеңдер жинағы басылып шыққан (1973) және 50-, 60-жылдары қазақ өлеңдерін шебер орындаушылардың бірі ретінде танылған.
К. Омаров