Биыл аса көрнекті қазақ геологы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұнғыш президенті, академик, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сәтпаевтың туғанына 125 жыл.
Бүгін кітапханада «Әлемге әйгілі ғалым» тақырыбына тікелей эфир өтті. Эфир барысында ғалымның өмірі, атқарған қызметі, халқына сіңірген еңбегі жайлы айтылды. Қ.Имантайұлы ірі істердің бастауында тұрды. Қазақ ғылымының дамуы үшін үлкен еңбек сіңірді. Ол Қазақстанды аграрлы-ағартушылықтан индустриалды-ғылыми интеллектуалды елге айналдырады. Сәтпаев өмірінің соңына дейін Ғылым Академиясын басқарады. Академияны сан-салалы ірі орталыққа айналдырды. Өзі құрып, қызметін де өзі ұйымдастырды (эфирге сілтеме).