«Өлеңі өмірі»

2021 жылдың 2 маусымы күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, белгілі ақын, публицист Есләм Зікібаевтың туғанына 85 жыл толуына арналған «Өлеңі өмірі» атты поэзия кеші өтті.
Шараға М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің оқытушылары мен студенттері, Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжінің студенттері, «Қаламгер» клубының мүшелері, кітапхана оқырмандары, Есләм Зікібаевтың туған-туысқандары қатысты.
Шараны С.Мұқанов атындағы ОӘҒК-ның бөлім басшысы Майра Әшімова жүргізді.
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің профессоры, Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық ғылым академиясының академигі Зарқын Тайшыбай, Тіл және әдебиет институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі Жазира Көкбас Есләм Зікібаевтың шығармашылығына жан-жақты тоқталды.
Жазушы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Жақсыбай Самрат Есләм Зікібаевпен бірнеше рет кездесулері туралы естеліктерімен бөлісті, Петропавл қаласындағы бір көшеге атын беру жөнінде әкімдікке ұсыныс жасағанын айтты. Тайшыбай Зарқын аға Есләм Зікібаевқа ескерткіш орнатылса деген ұсыныс жасады.
Есләм Зікібаевтың өлеңдерін М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенттері мен Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжінің студенттері мәнерлеп, жатқа оқып берді.
Шара барысында Роза Бағланованың орындауында Есләм Зікібаевтың өлеңіне жазылған «Аяулым, арманымдай асылым ең» әні тыңдалды, композиторы Әшір Молдағайынов. Слайд көрсетілді. Шараға қатысушылар «Ақын әлемі» атты кітапр көрмесін тамашалады.
Кешімізге Есләм Зікібаевтың туған қарындасы Сәния Зікібайқызы Нұрсейітова, туысқан інісі Сағат Қабдөшұлы Қуандықов, жиені Мұрат Қалиакпарұлы Нұрсейітов, құдашасы Қалимаш Сарбаева қатысты. Қарындасы Сәния апай мен туысқан інісі Сағат Қабдөшұлы Есләм Зікібаевтың адамгершілік қасиеттеріне тоқталды. Шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ӨлеңіӨмірі