Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, ақын, журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, дәрігер, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгінің иегері Марал Зейнел-Ғабиқызының 70 жасқа толуына арналған «Өлеңдері жүрегінің лүпілі» атты поэзия кеші өтті.
Кеште автордың жуырда ғана жарық көрген «Өлендерім — жүрегімнің лүпілі» атты кітабы таныстырылды. Бұл кітапқа ақынның туған жер, туған ел, қазақ тілі, тәуелсіздік, отансүйгіштік, ұрпақ тәрбиесі туралы көптеген өлеңдері, өзінің туған ауылы туралы естелік және библиографиялық көрсеткіштер кірген.
Шараға ұлағатты ұстаз, 40 жылдан артық Николаевка орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ берген Қайыржамал Омарова, Қызылжар ауданында 1994-1999 жылдар аралығындағы мәслихат хатшысы болып істеген Барлыбаев Аймағамбет Сабырұлы, Иван Шухов атындағы қалалық кітапхана әдіскері Алтынай Қожабайқызы Сыздықова қатысып, сөз сөйледі. М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенті Диас Аяған Марал Зейнел-Ғабиқызының өлендерін мәнерлеп, жатқа оқып берді.
Көрермен ретінде зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, оқытушылар, мұғалімдер, журналистер, кітапхана оқырмандары шақырылды. Қасытушылар «Өлендерім – жүрегімнің лүпілі» атты суретті кітап көрмесін тамашалады.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс
#ГодПоддержкиДетскогоИюношескогоЧтения #ӨлеңдеріЖүрегініңЛүпілі