Лазутин Петр Георгиевич

ЛАЗУТИН Петр Георгиевич (1905, Петропавл қ. – 1950) -қоғам және саяси қайраткер. Ленинград (Санкт-Петербург) қ-ндағы механик.-технолог. ин-тты бітірген. Еңбек жолын 1919 ж. Петропавл локомотив делосында жұмысшы болып бастаған. 1927—31 ж. Петропавл қ. Железнодорожный ауд. комсомол ұйымының хатшысы, аймақтық комсомол к-тінің еңбек бөлімінің меңгерушісі, халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі, халықтық еңбек коммиссариатының кадрлар басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 1931 ж. Ленинград қ-на оқуға жіберілген, сонда партияның жауапты жұмыстарында болған. 2-дүниежүз. соғыс кезінде ВКП(б)-нын Ленинград қ-лық к-тінің хатшысы. 1946—50 ж. қ-лық атқару к-тінің төрағасы болды. 1949 ж. Ленинград ісі бойынша тұтқынлалып. 1950 ж. атылған. 1954 ж. ақталды. Оның есімі Петропавлдағы бір көшеге берілді.

М.Мелехин