«Ұлағатты ұлт ұстазы» («Бір ел – бір кітап» акциясы) Ахмет Байтұрсыновқа — 150 жыл

Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының аясында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы таңдалды. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу.
Акция аясында А.Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылады: «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы», «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары», «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері», «Қазіргі заманғы ахметтану ғылымы».
Бүгінгі эфирде А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына, ғылыми қызметіне шолу жасалды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #ҰлағаттыҰлтҰстазы