Курматов Юрий Шамильевич

КУРМАТОВ Юрий Шамильевич (4.10.1946, Солт. Қазақстан обл. Қызылжар ауд. Боголюбов с.) — ген.-майор. 1968 ж. Ташкент командалық әскери уч- щесін. 1978 ж. Брондытанк әскерінің әскери академиясын бітірген. 1968—75 ж. оқу взводының, ротаның, ОДВО батальонының командирі. 1975—78 ж. брондытанк әскері академиясының тыңдаушысы. 1978—84 ж. ГСВГ танк полкі командирінің орынбасары, командирі, 1985— 87 ж. ВО Блтық жағалауындағы мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары, командирі болған. 1987—91 ж. танк оқу дивизиясының командирі, 1991—97 ж. ҚР Қорғаныс министрінің Әскери дайындық жөніндегі орынбасары, 1997— 2000 ж. ҚР Қорғаныс мин-нін Әскери дайындық басқармасының бастығы. 2000 жылдан ҚР Қарулы күштері Бас штаб бастығының орынбасары. Әскери дайындық департаментінің бастығы. Қызыл Жұлдыз орденімен, медалдермен марапаттатған.