КУРЛОВ Василий Николаевич (1909, қазіргі Шал ақын ауд., Новопокровс. — 11.4.1985, Петропавл қ.) — Социатистік Еңбек Ері (1957). 1951 ж. Респ. партия мектебін бітірген. 1928—31 ж. “Красный кожевник” кәсіптік артелінде алғашында қатардағы жұмысшы, кейін артель төрағасы. 1932—37 ж. Айыртау, Рузаев және Соколов аудандарында ауд. комсомол к-тінің хатшысы. Арықбалық, Щучинск ауд. нартия к-тінің 1-хатшысы, Булаев ауд. партия к-тінің 1-хатшысы болып қызмет істеген.