«Конституция — основа порядка и законности»

Конституция күні – Қазақстан Республикасының маңызды мемлекеттік мерекелерінің бірі. Конституция 1995 жылдың 30 тамызы бүкілхалықтық референдумда қабылданған. Содан бері 30 тамыз мемлекеттік мереке болып саналады. Бүгін кітапханада ҚР Ұлттық ұлан Әскери институтының жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы, философия докторы (PhD), майор Санат Телеужановтың қатысуымен осы мерекеге арналған тікелей эфир өтті.

Конституция – егемендігімізді паш ететін, азаттығымызды айқындайтын, ынтымағымыз бен татулығымызды ту еткен елдігіміздің алтын қазығы. Санат Кәрімұлы ел Конституциясының қалыптасу тарихы бірнеше тарихи, күрделі өтпелі кезеңдерді қамтығанын атап өтті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бастан кешкен қиын-қыстау кезеңде де, қазіргі даму кезеңінде де Конституцияның ел өмірінің барлық саласында тура жол сілтеп, кемелденудің алтын арқауына айналғанын өмірдің өзі дәлелдеп отырғанын алға тартып, «Конституциямызды еліміздің негізгі қорғаны, арқауы деп мәлімдеуге құқылымыз» деп баса айтты.


#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы