Пайдалану ережелері

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана» КММ

1. Жалпы ережелер
1.1. Осы “С. Мұқанов атындағы ОӘҒК” КММ пайдалану ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, «Мәдениет туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және қоғамдық келісім министрлігінің 2002 жылғы 8 мамырдағы №118 бұйрығымен бекітілген кітапханалар қызметі туралы ережелерге, сондай-ақ Кітапхана Жарғысына сәйкес әзірленген және Кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету тәртібін, Кітапхана мен пайдаланушылардың жалпы құқықтары мен міндеттерін айқындайды.
1.2. С. Мұқанов атындағы ОӘҒК КММ (бұдан әрі – Кітапхана) экономиканы, саясатты, өндірісті, бизнесті, білім беруді, мәдениет пен руханиятты дамытудың аса маңызды ресурсы ретінде ғылыми білімнің барлық салалары бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін жалпыға қолжетімді әмбебап бейіндегі кітапхана болып табылады;
1.3. Кітапхана өлкетану әдебиеті мен жергілікті басылымдардың орталық қоймасы, кітапханааралық абонементтің (МБА) және құжаттарды электронды жеткізудің әмбебап облыстық орталығы, облыстың барлық мемлекеттік кітапханалары үшін әдістемелік орталық болып табылады.


2. Кітапхана пайдаланушыларының құқықтары
2.1. Әрбір азамат жынысына, жасына*, ұлтына, біліміне, әлеуметтік жағдайына, саяси және діни наным-сенімдеріне және кәсіби қатыстылығына қарамастан, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан кез келген заңды тұлға кітапхананы пайдалануға құқылы. Жеке тұлғалар Кітапхана қорынан құжаттарды оқырман билеті негізінде, заңды тұлғалар – шарт негізінде алады;
2.2. Кітапхананың барлық пайдаланушылары құқылы:
2.2.1. Қорлар, құжаттар және ақпарат көздерін табу мен таңдауда кеңес беру туралы толық ақпарат алуға;
2.2.2. Кітапхана қорынан кез келген құжатты уақытша пайдалануға тегін алуға;
2.2.3. Кітапхана көрсететін қызметтердің барлық түрлерін пайдалану;
2.2.4. Кітапхана өткізетін конференцияларға, презентацияларға және өзге де іс-шараларға қатысуға;
2.2.5. Кітапхана қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге;
2.2.6. Пайдаланушының құқықтарына нұқсан келтіретін Кітапхана қызметшілерінің заңсыз әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдануға;
2.2.7. Демеушілік, қайырымдылық, еріктілік көмек көрсетуге.
(*) 5 жасқа дейінгі балалар Кітапханаға ата-аналарының немесе олардың заңды өкілдеріне еріп қана келе алады. Ата-аналар, қамқоршылар және/немесе тәрбиешілер балаларының қауіпсіздігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ кітапхана мүлкінің жоғалуы немесе бүлінуі үшін толық материалдық жауапкершілікке ие.
3. Кітапхана пайдаланушыларының міндеттері
3.1. Кітапхана пайдаланушылары жұмыс режимін сақтауға және кітапхананы пайдалану ережелерін орындауға міндетті;
3.1.2. Кітапханаға жазылу кезінде, сондай-ақ жыл сайын қайта тіркеу кезінде жеке куәлікті ұсынуға, ресімдеу үшін қажетті мәліметтерді хабарлауға, тіркеу құжаттарын толтыруға және кітапхананы пайдалану қағидаларын орындауға келісімін өз қолымен растауға;
3.1.3. Пайдаланушылар кітапхана қорына ұқыпты қарауға және құжаттарды (кітаптар, CD, DVD) кітапхана белгілеген мерзімде уақтылы қайтаруға міндетті. Кітапхана құжаттарын пайдалану мерзімі – басылымдардың сұранысы мен ерекшелігіне байланысты 3-тен 15 күнге дейін. Пайдаланушы дереккөзді пайдалануды белгілі бір мерзімге (3-тен 15 күнге дейін), (кітапхана қызметкерінің келісімімен) басқа пайдаланушылар тарапынан осы құжатқа сұраныс болмаған жағдайда ұзартуға құқылы. Абонементте пайдаланушыға берілген баспа өнімдерінің саны 5 данадан аспауы тиіс;
3.1.4. Құжаттарды алған кезде оларды мұқият қарап шығу және оларда қандай да бір ақаулар анықталған жағдайда бұл туралы кітапханашыға хабарлау. Әйтпесе, пайдаланушылар құжаттарды тапсыру кезінде табылған барлық ақаулар үшін жауап береді;
3.1.5. Кітапхана үй – жайларында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау, ұялы телефонды үнсіз режимге ауыстыру, басқа пайдаланушылардың құқықтарын құрметтеу, Кітапхана мүлкі мен жабдықтарына ұқыпты қарау;
3.1.6. Белгілі бір құрылымдық бөлімшенің жұмысы аяқталғанға дейін 15 минут бұрын жұмысты аяқтау және әдебиеттерді тапсыру.
3.2. Пайдаланушыларға тыйым салынады:
3.2.1. Оқырман билетін басқа адамдарға беруге және басқа адамдардың құжаттарын пайдалануға;
3.2.2. Кітапханашының рұқсатынсыз оқу залдарына қайшы, ұстара, желім, ұйымдастыру техникасы құралдарын, тираждалған құжаттарды енгізуге;
3.2.3. Құжаттарда белгілер жасауға, астын сызуға, беттерді бүгуге, парақтарды кесуге және жыртуға, құжаттың штрих-код жапсырмасын бұзуға, суреттерге, карталарға, сызбаларға калька жасауға;
3.2.4. Каталогтар мен картотекалардан карточкалар мен бөлгіштерді алып тастауға, оларға белгілер қоюға, карточкаларды каталогтарға орналастыру тәртібін бұзуға;
3.2.5. Тираждалған құжаттарды, кітапхана үй-жайларын суретке түсіруге, әкімшіліктің рұқсатынсыз киноға түсіруге;
3.2.6. Зияткерлік меншік саласын реттейтін ұлттық заңнаманың нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық келісімдер баптарының (Берн конвенциясы, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Авторлық құқық жөніндегі шарты, “Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы” ҚР Заңы 18-20 – баптар) ережелеріне қайшы келетін іс-әрекеттерді жүргізуге;
3.2.7. Кітапхана бөлімдеріне ұқыпсыз (лас) киіммен, сырт киіммен, үй жануарларымен, азық-түлікпен кіруге;
3.2.8. Кітапхана қызмет көрсету залдарында тамақ ішуге;
3.2.9. Қызметтік үй-жайларға кіргеу; қызметтік телефондарды пайдалануға; компьютерлік техниканың жұмысына араласуға (қатты дискінің мазмұнын өзгерту, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату және т.б.).
3.2.10. Кітапхана үй-жайларында темекі шегуге;
3.2.11. Кітапханаға алкогольдік, уытты және есірткілік мас күйінде келуге. Мас күйдегі пайдаланушыларға қызмет көрсетілмейді. 3.2.12. Кітапханаға суық, газ, атыс қаруын, оқ-дәрілерді, жарылғыш және улы заттарды енгізуге.
4. Кітапхана пайдаланушыларының жауапкершілігі
4.1. Осы Ережені бұзған пайдаланушылар кітапхана қызметкерлерінің жазбаша өтініштері негізінде бұзушылықтың сипатына және келтірілген залалдың дәрежесіне байланысты 1 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады. Жеке тұлғалардың осы Қағидаларды бұзғаны туралы материалдар олардың жұмыс, оқу немесе тұрғылықты жері бойынша, сот органдарына жіберілуі мүмкін;
4.2. Пайдалану ережелерін бұзған және сол арқылы кітапханаға зиян келтірген адамдар оны келесі тәртіппен өтейді:
4.2.1. Кітапхана қорынан құжатты жоғалтқандар не оған залал келтіргендер оны сол құжатпен немесе кітапхана баламалы деп таныған құжатпен (құны мен мазмұны бойынша) ауыстыруға міндетті;
4.2.2. Кітапхана қорынан жоғалған құжатты ауыстыру мүмкін болмаған жағдайда, пайдаланушылар жоғалған күні оның қалпына келтіру құнын 10 еселенген мөлшерде өтеуге міндетті;
4.2.3. Аса құнды және сирек кездесетін құжаттарды жоғалтқан кезде пайдаланушылар аукциондар мен жәрмеңкелердің материалдарын, букинистік дүкендердің каталогтарын тарта отырып, кітапхана айқындайтын құнын өтейді;
4.2.4. Кітапхана қорының басылымдарын жоғалтқандар оны белгіленген тәртіппен қалпына келтіру шығындарына қосымша кітапхана шығындарын төлейді;
4.2.5. Уақытша пайдалануға алынған құжаттарды қайтару мерзімдерін бұзған адамдар “Ақылы қызметтер туралы” қолданыстағы бұйрыққа сәйкес 1% өсімпұл түрінде тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті. Ұзақ мерзімді берешектерді өтеу үшін кітапхана Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің “Міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік негіздері” 359-б. 1-тармағына сәйкес сот орындаушысының көмегін пайдаланады.
4.2.6. Әдебиеттерді қайтару мерзімдерін жүйелі түрде бұзатындар кітапхананы пайдалану құқығынан айырылады, қажет болған жағдайда Кітапхана сот органдарына жүгіне алады.
4.2.7. Кітапхана жабдықтарына зиян келтіргендер оны қалпына келтіруге қажетті соманы төлейді;
4.2.8. Пайдаланушылар кітапхана үй-жайларында алынған және қараусыз қалған әдебиеттерге жауап береді;
4.2.9. Кітапхананың мүлкіне немесе персоналына залал келтірудің өзге де жағдайларында пайдаланушылар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5. Кітапхананың құқықтары
5.1. Кітапхана пайдаланушыларға өзінің Жарғысына, Кітапхананы пайдалану Ережелеріне және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызмет көрсетеді;
5.2. Кітапхана құқылы:
5.2.1. Өз қызметінің мазмұны мен нақты нысандарын оның Жарғысында көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкес дербес айқындауға;
5.2.2. Кітапхананы пайдалану қағидаларын құрылтайшылармен келісім бойынша әзірлеуге және бекітуге;
5.2.3. Қабылданған тәртіпке сәйкес сирек және құнды басылымдарды пайдалану кезінде кепілді қызмет көрсетуді енгізуге;
5.2.4. Пайдаланушылардың кітапханаға келтірген залалының түрлері мен мөлшерін анықтауға;
5.2.5. Пайдаланушыларға көрсетілетін қызметтер тізбесін кеңейтуге және кітапхананы әлеуметтік-шығармашылық дамыту мақсатында шаруашылық қызметті жүзеге асыруға;
5.2.6. Заңды және жеке тұлғалармен шарттар негізінде кітапхана қорларын пайдалану шарттарын анықтауға;
5.2.7. Қолданыстағы құқықтық актілерге сәйкес кітапхана құрылтайшыларымен келісілген құжаттарды алып тастау тәртібіне сәйкес өз қорларынан құжаттарды алып тастауға және өткізуге.
6. Кітапхананың міндеттері
Кітапхана міндетті:
6.1. Пайдаланушыларға мәдениетті қызмет көрсетуге, олардың қажеттіліктері мен мүдделеріне сәйкес ақпарат көздерін іздеуде және таңдауда консультациялық көмек көрсетуге;
6.2. Пайдаланушылардың кітапхана қорларынан ақпарат пен құжаттарға еркін қол жеткізу құқығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауға;
6.3. Пайдаланушылардың сұраныстарын барынша толық қанағаттандыру мақсатында зерделеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктері негізінде пайдаланушыларға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға;
6.4. Пайдаланушы мәліметтерін және олардың не оқитыны туралы мәліметті құпия сақтауға;
6.5. Пайдаланушыларды Кітапхана ұсынатын қызметтердің барлық түрлері туралы хабардар етуге;
6.6. Қорда пайдаланушыларға қажетті басылымдар болмаған жағдайда оларды кітапханада қабылданған тәртіпке сәйкес басқа кітапханалардан сұратуға;
6.7. Кітапхана қорындағы құжаттардың сақталуын және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ететін белгіленген қағидаларға сәйкес, сондай-ақ ҚР заңнамасының талаптарын сақтай отырып, тарих және мәдениет ескерткіштері болып табылатын баспа туындылары мен өзге де материалдарды есепке алуды, сақтауды және пайдалануды жүзеге асыруға;
6.8. Құрылымдық бөлімшелер өз қорларынан пайдаланушыларға берілген құжаттардың кітапханаға уақтылы қайтарылуын жүйелі түрде қадағалап отыруы тиіс;
6.9. Кітапхана бөлімдерінің жұмыс режимін сақтауға, егер ол өзгерсе, пайдаланушыларға бұл туралы уақтылы хабарлауға.
7. Кітапханаға жазылу тәртібі
7.1. 5 жасқа толған (ата-анасымен) және одан үлкен жеке тұлғалар Кітапхана пайдаланушылары бола алады;
7.2. 15 жасқа дейінгі пайдаланушылар өздерінің заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары немесе қамқоршылары) ұсынатын жеке басын куәландыратын құжаттардың негізінде кітапханаға жазылады;
7.3. Кітапханаға жазылу үшін жеке тұлғалар жеке басын куәландыратын құжатты (жеке куәлік, төлқұжат, студенттер – студенттік билет немесе сынақ кітапшасы), сондай-ақ тіркеу туралы құжатты (Абонементті пайдалану үшін) ұсынады;
7.4. Кітапхана пайдаланушысына тұрақты оқырман билеті беріледі;
7.5. Құрылымдық бөлімшелерге жазылу кезінде пайдаланушылар Кітапхананы пайдалану ережелерімен танысады, тіркеу құжаттарын толтырады және кітапхананы пайдалану ережелерін орындауға келісімін өз қолымен растайды. Пайдаланушы өз қолымен атаулы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, кітапхана жұмысын статистикалық есепке алу, кітапхана қызметін пайдаланатын халықтың әлеуметтік құрамын зерделеу, кітапхана қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қажетті өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді;
7.6. Жыл сайын 3 қаңтардан бастап кітапханада 7.3-тармақта көрсетілген құжаттарды көрсете отырып, тұрақты оқырман билеттерін тегін қайта тіркеу жүргізіледі;
7.7. Заңды тұлғалар кітапхананың қызметтерін шарттар негізінде пайдаланады. Шарттың жобасын кітапханалық-ақпараттық қызметтерді тікелей көрсететін құрылымдық бөлімше дайындайды, директор қол қояды.