Кітапханада «Жас азамат» және «Жұмағали Тілеулин» кітаптарының тұсаукесері өтті

Қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығының қарсаңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын жариялап, тарихымыздың ақтандак беттерін жан-жақты зерттеуді қажеттігін айтты. Соның негізінде 2020 жылдың 24-ші қараша «Саяси кұғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойған болатын. Еліміздің тарихындағы айтулы мерекелер – тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында бүгін Сәбит Мұқанов атыңдағы Солтүстік қазақстан облыстық әмбебат ғылыми кітапханасында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптаусына үлкен үлес қосқан ұлы жерлестерімізге арнап «Жас азамат» және «Жұмағали Тілеулин» кітаптарының тұсаукесері өтті.

Халқымыздың тарихындағы «тарихи ақтандақтар» кезеңіне қатысты ауқымды жұмыстардың негізінде бүгінгі күнде тұсауы кесіліп, көрермен назарына ұсынып отырған «Жас азамат және «Жұмағали Тілеулин» кітаптары замануи талаптарға сәйкес өңделіп, өткен ғасырдағы өңіріміздің шерлі тарихынан сыр шертетін құнды деректерді жас буынға кеңінен насихаттайды. Басылым жұмысындағы басты акцент – тарихи ақтаңдақтар кезіндегі ұлтымыздың зиялы, озық ойлы, ізгі ниетті азаматтарының тарих қойнауында көзден таса, елеусіз қалып қоймауы жағы болып табылады. Сонымен қатар, басылымға өңіріміздің тарихынан шертетін, өлкемізден шыққан тарихи тұлғалар жайлы жазылған араб кәріпінен құндыақпараттар аударылып енгізілді.


#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы