Табиғаттың төрт мезгілі бар. Әр мезгілдің өзіне тән қасиеті бар. Бірі жаныңа жылулық сыйласа, бірі қайта туған жауқазындай бүршік атып жатады, ал бірі суығына үйретіп те үлгереді. Осы төрт мезгілдің ішінде ең кереметі күз болар.
Күздің кереметі сағынышқа толы жүректі жұлып алып, әуеде әуелете ән салдырып, көңіліңді күңірентсе де ішкі жан дүниеңе шынайы бір сезім сыйлайтынында. Күзді сүю, сағынышты аңсау деген сөз. Қаншама ақынның жырына, қаншама жазушының қаламына біткен осынау мезгілдің меңіреу тартып тұрса да, өзіне тарта беретіні өзінше бір құдірет.
Бүгінгі шығарылымда оқырмандарымызды біздің өңірдің ақындардың күзге арналған өлеңдерің ұсынамыз. Соның ішінде К. Салықовтың, Е. Шаймерденовтың, Ж. Нұрқанның, Т. Зікіриннің, З. Әкімжановтың, М. Оспанованың, К. Рахметтің шығармаларымен таныстырамыз.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги