Кешилева Зура Бостанқызы

КЕШИЛЕВА Зура Бостанқызы (13.03.1940. Мамлют ауд., Мамлют қ.) — ғалым. мед. ғыл. докт. (1990). Еуропа тері-венерологиялық аурулары академиясының корр. мүшесі, Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері (1990). Алматы мемл. мед. ин-тын (1969), Мәскеу қ-ндағы Орталық терівенерологиялық аурулар ғылыми-зерттеу ин-тының аспирантурасын (1972) бітірген. 1969 жылдан Қазақ тері-венерологиялық аурулары ғыл.-зерт. ин-тының кіші ғыл. қызметкері, 1976 жылдан аға ғыл. қызметкері. 1981—2001 ж. директоры қызметтерін атқарған. “Альтамед” ғыл.-тәжірибелік орталығының президенті. Америка дерматологтар академиясының мүшесі (1994). 6 монографияның, жоғары мед. оқу орындарының, мед. колледждердің студенттеріне арналған 2 оқу құралының (қазақ тілінде) 19 өнертабыстың, 11-ден аса патенттің авторы. “Құрмет” орденімен мараптталған (1999). Америка биографиялық ин-ты К-ға “2001 жыл аруы” халықаралық титулын табыс етті. Әлем комитеті кеңесінің “Әлемнің алтын медалі” (1989) медалімен марапатталған.