Казаков Андрей Александрович

КАЗАКОВ Андрей Александрович (1960, қазіргі М.Жұмабаев ауд. Булаев қ. — 2001) — белгілі спортшы, жаттықтырушы, ауыр атлетикадан, еркін күрестен, самбодан, дзюдодан спорт шебері. Армня қатарында жүргенде Украина чемпионы, самбодан Орталық әскери ротаның чемпионы болды. 1979 ж. Петропаат қ-ндағы техникумға түсті. Оқып жүрген кезінде күрестен Қазақстан чемпионы болып, КСРО чемпионатына қатысты, Бүкілодақтық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. 1985 жылдан “Ақбидай” обл. спорт мерекелеріне қатысып, ауыр атлетикадан облыстың 5 дүркін чемпионы болған. 1989 жылдан пауэрлифтингпен айналысады, Қазақстанның 10 мәрте чемпионы, 8 мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алған, Халықар. турнирдің чемпионы, КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1990). Швециядағы (1993), Италиядағы (1999) Әлем чемпионаттарының қола жүлдегері. Прагадағы (2001) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ауыр атлетикадан әлем чемпионы, күміс медаль иегері (3 мәрте Азия чемпионы, 1998— 2000). 1994-95 ж. Азия чемпионатының күміс жүлдегері, ал 1991—92 ж. қола жүлдегері, К. жаттықтырушылықпен де айналысып, халықар. дәрежедегі спорт шебері Д.Цебеко мен В.Бойконы және спорт шеберлері Р.Миллер, В. Жидкин, О.Лебедев, И.Юрчишинді жаттықтырған.