Карстен Андрей Яковлевич

КАРСТЕН Андрей Яковлевич (1922. Мамлют ауд. Петерфельд с. – 1991. РФ. Свердлов қ.) — ғалым, геогр. ғыл. докт. (1971), проф. (1973). Петропавл мұғалімдер ин-тын (1952) бітірген. Еңбек жолын 1940—41 ж. Мамлют ауд. Белов а-нда мұғалім болып бастап, 1941—47 ж. Свердлов қ-ның әскери з-тында токарь болып жұмыс істеген. Петропавл пед. ин-тының география кафедрасының доценті, жаратылыстану-география ф-тінің деканы және кафедра меңгерушісі (1956—71), Петропавл пед. ин-тының проректоры (1971—85) болып қызмет атқарған. Жаратылыстану және география ғылымы мәселелері жөнінде екі монография және 50-ден астам мақаласы жарияланған.

М.Елеусізов