Кардашов Владимир Максимович

КАРДАШОВ Владимир Максимович (3.12.1937, Солт. Қазақстан обл. Есіл ауд. Красноармейский а.) — музыкант. дирижер. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Петропавл музыкалық уч-щесін, Новосибирск мемл. консерваториясын бітірген. 1965 жылдан хор сабағының оқытушысы. 1971 ж. Петропавл музыкалық уч-щесінің директоры болды. Қаланың оқу орындары мен өнеркәсіп орындарында құрылған әуесқой хор ұжымдарының жетекшісі. 1969—91 ж. Мұғалімер үйінде халықтық хор капелласын ұйымдастырған әрі көркемдік жетекшісі. Хор орындаушыларының обл. және респ. фестивалдерін ұйымдастырушы әрі бас дирижері. Дарынды балалар мектебінің директоры.