КАРАБЕЛЬНИКОВ Яков Григорьевич (1938, қазіргі Есіл ауд., Ивано-Петров с. — 1988)- Социалистік Еңбек Ері (1971). Еңбек жолын ұжымшардың мал ш-мен айналысатын фермасында бақташы, сауыншы болып бастаған. “Сүт сауудың бес жылдық нормасын — 4 жылда орындаимыз” атты бастамасын көтерген. 1968 ж. есімі Қазақстанның Алтын құрмет кітабына енгізілген. 2 мәрте Ленин орденімен, медалдермен марапатталған.