КАНАЕВА Тамара Михайловна (1945. Петропавл қ.) — жоғары мектептің еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғыл. канл. (1982), доцент. Петропавл пед. ин-тын (1967), Мәскеу мемл. ун-тінің аспирантурасын (1980) бітірген. М. Қозыбаев атынд. Солт. Қазақстан мемл. ун-тінде оқытушы, тарих-филол. ф-ті деканының орынбасары болып қызмет істеген. Қазіргі дүниежүзі тарихы және саясаттану кафедрасының меңгерушісі.