2022 жылдың 21 қазаны күні Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театрында Қазақстан мұсылдандары діни басқармасы «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Көркем мінездердің кемелі» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Қасиетті Құран аяттарының нұрымен бастау алған игі шара, қалың жұртшылықтың Алла елшісіне (с.а.у) салауат айтуымен жалғасын тапты. Қасиетті Құран аяттарының нұрымен бастау алған игі шара, қалың жұртшылықтың Алла елшісіне (с.а.у) салауат айтуымен жалғасын тапты. Осы айда еліміздің әр түкпірінде пайғамбарымыз Мұхамедтің (с.а.у) туған күні, яғни мәуліт мерекесі аталып өтілуде. Бұл мереке адамзаттың асыл тәжі болған Хақ Елшісіне (с.а.у) деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны хақ. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) дүние есігін ашуымен адамзат өмірге жаңа келгендей жанданып, тас жүректер Жаратқан Жаббар Хақтың нұры арқылы ақиқаттың кәусар бұлағымен сусындап, қайта тірілді.
Осындай толғанысқа толы шындықты шара барысында Пайғамбарымыздың (с.а.у) мәуліт мейрамы басталар алдында беташар сөз сөйлеген Қызылжар орталық мешітінің бас имамы Хамзат Қажымұратқұлы тілге тиек етіп, тәңірлік тәрбиені паш еткен ғаламның рахым Нұрының (с.а.у) мейірімділігін жеткізіп, момын мұсылмандардың жүректерін жібітіп, көздеріне жас үйірілгізді.
Шара соңында С.Мұқанов атындағы облыстық кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Әшімова Майра Тұрғынқызына “Үздік кітапханашы” номинациясы мен сыйлық табысталды.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация#ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги #КөркемМінездердіңКемелі