«Көрікті өлең, көрнекті ой иесі»

2021 жылдың 22 қазаны күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жерлесіміз, белгілі ақын, журналист Болат Қожахметовтың 75 жасқа толуына орай «Көрікті өлең, көрнекті ой иесі» атты поэзия кеші өтті.

Шараны С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың қазақ тіліндегі әдебиет бөлімінің басшысы Майра Әшімова жүргізді.

Шараға М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің студенттері, журналистер, кітапхана оқырмандары, ақынның қызы Гауһар Қожахметова  қатысты.

Алғашқы болып сөз алған Облыстық ішкі саясат басқармасының қызметкері, әріптесі, белгілі журналист, ақын, Ақпарат саласының үздігі Нұрсайын Шәріп облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың атынан құттықтау хатты мерейтой иесі Болат Қожахметовке табыстап, өзі де Болат ағаның шығармашылығы, ақындық ерекшелігі және журналистік қызметі туралы баяндады. Келесі сөз алған әріптесі, белгілі журналист Өмір Есқали адамгершілік, еңбекқорлық қасиеттеріне, жас журналистерге көрсеткен қамқорлығына тоқталды. Ақын Зағыпар Аманжол және кітапхана оқырманы Қайрат Дүйсенбі де мерейтой иесін құттықтап, сөз сөйледі.

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің 3 курс студенттері Аида Романқызы мен Мұхаметқали Арайлым Болат ағаның «Өрнек десе, Өрнек қой!» және «Күзде туыппын» атты өлеңдерін жатқа оқып берді.

Мерейтой иесі Болат аға өзінің өмірі, ақындық өнері жайлы сыр шертіп, журналистік мамандықты қалай таңдағаны туралы қызықты әңгімеледі, өлеңдер жинағынан өте әсерлі шабытпен өлеңдерін оқып берді. Шараға қатысушы студенттердің және оқырмандардың   қойған сұрақтары көп болды, оған ол толық жауап берді.

Шараға қатысқандар «Талғамы биік қаламгер» атты суретті кітап көрмесін тамашалады.

#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО#Информация #Мероприятия #Книги #Чтение #Коворкинг #ПарасатЖолы#Мейкерспейс #ГодДетскойЛитературы #КөріктіӨлеңКөрнектіОйИесі