«Көп қырлы талант иесі» Шота Уәлихановтың туғанына 90 жыл

2022 жылдың 26 сәуірі күні Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында тікелей эфирде жерлесіміз, белгілі мүсінші, жазушы, сәулетші, ҚР елтаңбасының авторы Шота Уәлиханның туғанына 90 жыл толуына арналған «Көп қырлы талант иесі» атты танымдық сағат өтті.
Шараны осы кітапхананың кітапханашысы Марал Касенова өткізді. Ол белгілі сәулетші және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы Шота Уәлиханның өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты баяндады. Шота Уәлихан көп қырлы таланты мен мінезінің, қайталанбас қасиеттерінің арқасында халық үшін әйгілі тұлға. Ол көптеген архитектуралық құрылыстар мен монументтердің авторы ғана емес, сонымен бірге өлеңдер мен пьесалардың, сәулет пен өнер туралы бірқатар ғылыми еңбектердің, Қазақстан сәулеті, өнері, тарихы мен мәдениеті туралы жүздеген қызықты сараптама мақалалардың да авторы. Көрнекті суретші, отанын сүйген патриот, тамаша адам болған.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #Чтение #Книги #КөпҚырлыТалантИесі