Юрасов Федор Кириллович

ЮРАСОВ Федор Кириллович (1885-1959) – Петропавл қаласында 1917-18 жылдары болған рев. қозғалыстарға белсене қатысқандардың бірі. Ю.Петропавл уезіндегі бірқатар ауылдарда а-дық Кеңес ұйымдастырған. 1917 ж. Петропавл депосының қазан жасаушыларының атынан Жумысшы және солдат депутаттарының қалалық Кеңесіне мүше болып сайланған. 1918 ж. қала милициясының құрылуына ат салысып, қылмыстық-іздестіру бөлімінің бастығы болып сайланған. Петропавлде Кеңес өкіметі құлағаннан кейін, 1918 ж. маусым айында чехословак корпусының контррев. бүлігінің салдарынан түрмеге қамауға алынған.