Экспресс-шолу «Шындық деп өткен жан еді» Жазушы, драматург, ғалым Зейін Шашкиннің 110-жылдығына

Зейін Шашкиннің қазақ әдебиетіндегі ұлттық дәстүрді дамытудағы жаңашылдығын сөз еткенде, алдымен оның әдебиеттегі жаңа жанрдың туып, қалыптасуының бастауында, үйрене жүріп, сол дәстүрді қазақ прозасының драматургиясының, әдеби сын, очерк, публицистика саласына да, әдебиеттану ғылымының өсіп-дамуына мол еңбек сіңіріп және дәрігерлік қызметті де атқарды.
Алғашқы шығармалары отызыншы жылдары «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде «Әдебиет майданы» журналында жарияланады.
Зейін Шашкин әдебиетте бас-аяғы он жылға толар-толмас уақыт еңбек етті. Сол аз ғана уақыттың ішінде жазушының әдеби мұрасы мол мынадай салалардан құралады:
1. Поэзиялық шығармалар.
2. Әдебиеттануға байланысты еңбектері (әдебиет сыны мен теориясы). 1940 жылы Есмағамбет Ысмайыловпен бірлескен авторлықпен жоғары оқу орындарында арналған «Әдебиет теориясы» оқулығын жазған.
3. Прозалық туындылары: романдар мен повестер. «Таң атты», «Тоқаш Бокин» – тарихи-революциялық тақырыпқа арналған шығармалар. «Теміртау» романында тұңғыш металлургия алыбын салушылардың еңбегі суреттелді.
«Доктор Дарханов» – интеллигенцияның әлеуметтік-тұрмыстық ортасын суреттеуге құрылған.
Қаламгердің келесі шығармалары белгілі:
— повестері: «Өмір тынысы», «Темірқазық», «Ұядан ұшқанда» және т.б.
— әңгімелері: «Ақбота», «Ақтұяқ», «Қойшы серігі», «Дәрігер қатесі», «Дос ойы», «Сүйкімді дауыс», «Әкесі», «Ақынның ашуы» новеллалары, «Әннің тууы», «Шабыт» және т.б.
— очерктері: «Мереке күнгі ойлар», «Балалар отауы», «Көгілдір Көкше сұлуы», «Мұхтармен кездесулерім» және т.б.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги