С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 5 сынып оқушыларына экскурсия өткізілді.
Шараға қатысқан оқушылар «Бір ел – бір кітап», «Балалар әдебиеті», «Мерейгер кітаптар» атты кітап көрмелерімен танысты.
Кітапхана маманы алдымен кітапханадағы абономенттік қамтамасыз ету, оқу залы, өнер әдебиеттері, қазақ, шет тіліндегі әдебиеттер, коворкинг орталығы тағы да басқа бөлімдермен таныстырды. Балаларды «Maker Space» аймағы қызықтырып, арнайы қызметкерден өз сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар оқушылар С. Мұқановтың мемориалдық музей-бөлмесімен танысып, жерлес жазушымыз туралы толық ақпарат алды.
Кітапханада оқырмандар үшін барлық жағдай жасалған. Қалаған кітабыңыздың аудио түріндегі нұсқасын да тыңдауға болады. Балалар әдебиетіне де аса мән берілген. Соның ішінде балаларға арналған «Техника», «Қырық қазына», «Елдер мен құрлықтар», «Әлем ғажайыптары», «Балалар әлемі» энциклопедиялармен, «Ауылдың кішкентай археологтары», «Алабұға аулаған күн» атты көркем шығармалармен танысты. Балалар уақытты пайдалы және қызықты өткізді.
#БиблиотекаимСМуканова #ЛучшаяБиблиотекаРК #СамыйЧитающийРегионСКО #Коворкинг #ПарасатЖолы #Мейкерспейс #Мероприятия #Информация #ПрямыеЭфиры #Чтение #Книги