Ярочкина Зинаида Александровна

ЯРОЧКИНА Зинаида Александровна (1937, Солт. Қазақстан обл. Тимирязев ауд. Дмитриев с.) – ұстаз. Қазақстан Республикасының еңбек сің. мұғалімі. Петропавл пед. ин-тын және Мәскеу өнер ин-тын сырттай бітірген. “Искорка” балалар бақшасының негізінде облыста алғаш балаларды мектепке дейін оқытатын гимназия ұйымдастырған. Мектепке дейінгі балалар мекемелеріне арналған “Мәдениеттану” тақырыбы бойынша дайындалған оқу құралының авторы. Балалармен жұмыс жүргізгенде Ивановтың табиғатпен емделу жүйесін көп қолданады. “Искорка” оқу-тәрбие орталығы 2000 ж. бірінші рет өткізілген «Жылдың ең үздік бала бақшасы» байқауына қатысып, оның лауреаты атанды. КСРО Оқу ағарту ісінің үздігі, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі.

С.Дөнкенова