Иванова Нелли Александровна

ИВАНОВА Нелли Александровна (19.4.1941. Петропавл қ.) — ғалым, тарих ғыл. канд. (1976). Петропавл пед. ин-тын. Қоғамдық ғылымдар академиясын (Мәскеу) бітірген. 1961 жылдан қ-лық комсомол к-тінің хатшысы, нүсүаушы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. обл. партия к-тінің хатшысы болған. 1991 жылдан ұстаздық қызметте: Мұғалімер білімін жетілдіру ин-тында. Петропавл бизнес және басқару ин-тында, Заң академиясында қызмет істеген. 30-дан аса ғыл. еңбек жазған. 2003 ж. “Риторика дел юриста” оқулығы жарық көрді. Қазақстан Республикасы халыққа білім беру ісінің үздігі. Медалдермен марапатталған.