ИВАНОВ Владимир Тимофеевич (13.3.1938, Солт. Қаза0стан обл. Бескөл ауд. Лесной а.) — агроном, егіншілік ш-ның маманы. Ауыл ш. ғыл. канд. Омбы ауыл ш. ин-тын бітірген (1961). 1961—75 ж. Солт. Қазақстан обл. бұрынғы Совет ауд-ндағы ауыл ш. тәжірибе ст-ның кіші ғыл., аға ғыл. қызметкері, егіншілік бөлімінің меңгерушісі, ғылым жөніндегі директордың орынбасары. 1975—86 ж. Совет ауд-ндағы совхоз-техникум директорының 1-орынбасары. 1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін СҚО Аққайың ауд-ндағы Солт. Қазақстан мемл. тәжірибе ст-ның директоры. “Құрмет Белгісі” (1977), Еңбек Қызыл Ту (1981). Отан ордендерімен, “Ерен еңбегі үшін” (1970), “Еңбек ардагері” (1985), “Астана” (1998), “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық (2002) медалдерімен марапатталған. “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” құрметті атағының иегері (2004).